Шымкенттіктер ел тұрғындарын өздері отырғызған миллиондаған гүлдерді көруге шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдері Қазақстан тұрғындарын Шымкентке келіп, жайқалып тұрған миллиондаған гүлдерді тамашалауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда көктемнің шуақ шашқан алғашқы күндеріне тап осы оңтүстік тұрғындарындай шаттанатын ешкім жоқ шығар, сірә. Өйткені көктем жауқазындар гүл ашып, айналаны әсемдікке бөлейтін тамаша кез. Көктем келісімен гүлдер шаһарда тап бір кілем төсеп қойғандай түрлі түске бөленіп, жайқалып тұрады. Биыл Шымкентте 1 млн 37 мың жауқазын егілген. Гүлдердің ең үлкен композициясы қала символы - «Жауқазын» субұрқағында орналасқан»,-деп хабарлайды ОҚО-ның Туризм орталығының өкілдері Фейсбук парақшасында.

Сондықтан шымкенттіктер ел тұрғындарын бәрін тастап, облыстың бас қаласына келуге шақырып отыр.

Сонымен қатар жазбада Шымкентке елдің кез келген жерінен ұшақпен қандай бағаға ұшып келуге болатыны жазылыпты (екі бағытқа шамамен 25-30 мың теңге). Ал пойызбен екі бақытқа жол жүру бағасы 15-20 мың теңге көлемінде көрінеді. Бұл ретте ОҚО-ның Туризм орталығы қалада қонақүйде тұрудың тәуліктік бағасы 15 мың теңгені құрайтынын (тағсы асты қоса алғанда) да айтады.

Соңғы жаңалықтар