Шымкенттіктер авто ХҚКО алдында түнеуге мәжбүр

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттіктер жүргізуші куәлігін алу үшін мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы алдында түнімен кезекте тұруға мәжбүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы «Достық» мөлтек ауданында орналасқан мамандандырылған ХҚКО алдында түнгі уақытта кезек күтіп тұрған халықтың видеосы тарап жатыр. Онда жүргізуші куәлігін алу үшін 2-3 апта бұрын кезекке жазылу керектігі, сондай-ақ 300-ден астам адам кезекке тұрса, соның 30 ғана қабылдауға кіріп жатқаны айтылады.



Бұл мәселеге қатысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы ресми түрде жауап берді.

«Бұл мамандандырылған ХҚКО ғимаратында ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілуі себебінен туындап отырған жағдай. Жөндеуге байланысты аталған ХҚКО-да тек практикалық емтихан тапсыру мен дайын құжаттар беру қызметі көрсетіліп жатыр. Азаматтардың көптігі ескеріле отырып, мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестелері қайта қаралып, 8.00-ден 18.00-ге дейін ұзартылды. Сондай-ақ С1 санаты бойынша емтихан қабылдауға қосымша машина бөлінді» - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Шымкент қалалық мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы алдында қалыптасқан ұзын-сонар кезек туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Мәселеге түсінік берген «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қалалық филиалы ұзын кезек туралы видео 2021 жылы түсірілгенін және ғимарат алдында кезек жоқтығын айтты.

«Әлеуметтік желілерде таратылған видео 2021 жылы түсірілген. Қазіргі кезде Достық ықшам ауданындағы мамандандырылған ХҚКО-да қызметтер толық көлемде көрсетіліп жатқан жоқ. Себебі ғимаратта ішінара жөндеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда мамандандырылған ХҚКО-да практикалық емтихан тапсыру және дайын құжаттарды алу сияқты қызметтер қолжетімді. Клиенттер көп жиналып жатқан жоқ», - деген еді корпорациядан.


Видеодан алынған кадр





Соңғы жаңалықтар