Шымкенттіктер Арыстан эвакуцияланған халыққа жаппай көмек көрсетуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының тұрғындары Арыстағы жарылыстан эвакуцияланған халыққа жаппай көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласының орталық мешіті қазіргі уақытта Арыстан эвакуацияланған халықты қабылдауда. Келіп түскен хабарларға қарағанда, эвакуация кезінде адасып қалған балалардың барлығы мешітке жеткізіліп жатыр. Қазіргі уақытта көмек көрсетуге әкелінген адамдар саны 500-ден асқан.

Мешіт имамының айтуынша, жеткізілгендер мешіттің медресесі мен жатақханасына орналастырылуда. Арыс тұрғындарына көмектесуге Шымкент қаласының тұрғындары су, азық-түлік жеткізіп, барынша қолдау көрсетуде.
null



null null

Бұған дейін Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы хабарланған еді. ҚР Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жоқ екендігін жариялады.

Ал ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөлімдегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берді.

null null

Соңғы жаңалықтар