Шымкенттіктер ӘЧ-да жеңiспен оралған боксшыларды әуежайдан күтіп алды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттіктер Гамбургтен жеңiспен оралған спортшыларды әуежайдан қарсы алды. Әлем чемпионы Қайрат Ералиев пен қола жүлдегер Ержан Жақыпқа, сондай-ақ құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановқа жанкүйерлер мен Оңтүстiк спорт саласының басшылары ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  

Мырзағали Айтжановтың шәкірттері отандық бокс тарихында ерледі. Өйткені Қайрат Ералиев оңтүстік өңірінен екінші болып, Әлем чемпионы атанып отыр. Қайрат Ералиев финалдық кездесуде америкалық боксшы Дюк Раганмен жұдырықтасып, әдемі бокс өрнегін паш етті. Боксшы халықаралық ірі жарыстарда алғаш рет жеңіс тұғырынан көрініп отыр. 2013 жылы Алматыда өткен Әлем чемпионатында, кейінгі Азия ойындары мен Азия чемпионатында қола алған еді.
null

Ал Ержан Жомарт жартылай финалдық бәсекеде 2015 жылғы әлем чемпионы кубалық Хоанис Архилагоспен жұдырықтасып, ұпай саны бойынша есе жіберді. Десе де ол құрама қоржынына әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдені салды. Бұл оңтүстік спортшысы  үшін үлкен нәтиже. Өйткені ол биылғы Азия чемпионатында үздік алтылыққа енбей, әлем біріншілігіне берілетін жолдамадан қағылған болатын. Алайда сарықұрлық біріншілігінде алтыншы орын алған индонезиялық боксшы Корнелиус Квангу Лангу лицензиясынан бас тартып, АИБА бұл жолдаманы жетінші орында тұрған Жомарт Ержанға берген еді.
null

Айта кетейік, Германияда өткен әлем біріншілігінде еліміздің  спортшылары 6 медаль олжалады. Жалғыз алтын медальды Қайрат Ералиев жеңіп алса, Әбілхан Аманқұлов пен Қамшыбек Қоңқабаев екі күміс еншіледі. Ал Василий Левит пен Жомарт Ержан және Абылайхан Жүсіповтер қоланы қанағат тұтты.

nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар