Шымкенттік жүргізушілер қарапайым ережелерді сақтамайтыны анықталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте екі күн ішінде мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелген. Жергілікті полиция қызметі ұйымдастырған реидтік шарада жүргізушілердің қарапайым ережелерді сақтамайтыны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

"Дауыл" атты рейдтік шара барысында  полицейлер тәулік бойы күшейтілген тәртіпте кезекшілікке шығып, қала көшелерін бақылауда. Көліктегі экипаж бен жаяу құрам және велополицейлер де осы шараға жұмылдырылған. Қоғамдық тәртіпті бақылау жұмыстары полиция бекеттерінде де жүргізілуде. Нәтижесінде көлік тізгіндегендердің   рөлде отырып, ұялы телефонмен  сөйлесу, қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты заңбұзушылықтарға жол беретіні анықталды. Енді бірі тіпті бағдаршамның белгісін елемей, рұқсат етілмеген жерге көлігін қойып кеткен. Екі тәулік ішінде 1138 ереже бұзу дерегі тіркеліп, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.  253 жүргізуші байланыс құралын пайдаланғаны үшін айыппұл төлесе, 227 тұрғын белдік  тағу сияқты сақтық шараларын қолға алмағаны  үшін жазаланды. 129 көлік тізгіндеуші терезесін күңгірттеп алғаны үшін шығындалса,  14 жүргізушінің рөльге масаң күйде отырғанын анықталған. Олардың ісі енді әкімшілік сотта қаралады. Бұдан бөлек  91 темір тұлпар айыптұраққа жөнелтілген.

Жергілікті полиция қызметі басшысы Данияр Мейірханның сөзінше, реидтік шара тағы 10 күн бойы жүргізіледі. Сондықтан полицей Шымкенттің жүргізушілерін тәртіп бұзбауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар