+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Шымкенттік жастар «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

2020 жылғы 28 қаңтар 13:41
Бөлісіңіз:
Шымкенттік жастар «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың асар дәстүрі волонтерлықпен үндесетінін, сол себепті ағымдағы жылы қайырымдылық жасауды заманға сай жаңғырту қажет екенін мәлімдеген еді. Осы мақсатта Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын тұрақты түрде ұйымдастыруды қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дзюдо: Дюссельдорфтағы «Grand Slam» турниріне қатысатын ел құрамасы белгілі болды Ұлттық кеңес құрылған алты айдың ішінде қандай жұмыстар атқарылды - сарапшы Алматыда қар тазалау бойынша тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды

Осы мақсатта ұйымдастырылған «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы барысында көмекке мұқтаж 50 жанұяға азық-түлік себеттері таратылды. Онда тұрмыстық көп тұтынатын ұн, қант, ақ май, макарон, гречка, шай, печенье, тәттілер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына демеушілердің көмегімен киім-кешек берілді. Акцияға атсалысқандар қатарында кәсіпкерлер, ерікті жастар, қалалық жастар мәслихатының мүшелері мен танымал өнер жұлдыздары бар.

«Үнемі қайырымдылық акцияларына атсалысуға тырысамын.Себебі, жақсылық жасау жас таңдамайды. Жүректегі мейірімді іс-әрекетіміз арқылы көрсете білуіміз қажет, -деп ойлаймын. Шымкенттік ерікті жастардың бастамасына барша ниетті азаматтарды қолдау білдіруге шақырып, кәсіпкерлер, танымал өнер азаматтары мен белсенділерге атсалысуға қолдау білдіруге байланысты үндеу жолдаймын»,- дейді вайнер әрі жастар мәслихатының депутаты Зарина Нұржанова.

Алдағы уақытта шым шаһарда «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарланып отыр. Оған қала тұрғындарын белсенді түрде атсалысуға қатысты үндеу жарияланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қайырымдылық, Қоғам, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT