+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Шымкенттік жастар ұлттық студенттік лиганың 2015 жылғы чемпионы атанды (ФОТО)

2015 жылғы 23 қараша 00:05
Бөлісіңіз:
Шымкенттік жастар ұлттық студенттік лиганың 2015 жылғы чемпионы атанды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шымкенттік Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университеті Ұлттық студенттік лиганың 2-ші кезеңінің чемпионы атанды.

Студенттік ойындардың "Көктем-күз 2015" финалдық бөлімі Алматыдағы "Достық" спорт кешенінде өтті. Оның алдында қорытынды ойындарға қатысу үшін 16 қазанда Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды қалаларынан келген 16 команда бақ сынасқан болатын.
Алғашқы жартылай финалда əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Арланы" мен Қарағанды экономикалық университетінің "Қазтұтынуодағы" командасы бəсекеге түсті. Екінші таймда қарағандылық команда басым түсіп, есеп 2:1 құрады.

Екінші кезеңде шымкенттік инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетінің «Достық» командасы мен Caspian University шеберлік сынасты. Шымқаладан келген студенттер ақтық секундтарда алматылықтардың қақпасына екі гол салды.

Осылайша, финалға Қарағанды мен Шымкент университеттері шықты. Кездесу соңында 2015 жылдың басты студенттік матчында шымкенттік инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университеті чемпион атанды. Қола медальға алматылық Caspian University студенттері ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар иеленді.

Чемпиондар мадрид "Реалының" шабуылшысы Криштиану Роналдудың қолтаңбасы бар УЕФА чемпиондар лигасының ресми добын иеленді.
Енді чемпионат қорытындысына сəйкес Қазақ Ұлттық студенттік құрамасы қалыптасады. Ұлттық құрама келер жылы Азия чемпионатында, онан соң Бразилиядағы əлем чемпионатында бағын сынайды.
null null null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT