Шымкенттік волейболшылар Жоғары лиганың «А» дивизионындағы ел чемпионатында өзгелерден қара үзіп кетті

None
None
АЛМАТЫ. 28 волейбол. ҚазАқпарат - Павлодарда 19-26 желтоқсан күндері волейболдан өткен Жоғары лиганың «А» дивизионындағы ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 2-туры өтті.

Онда Шымкенттің «Динамо-Қазығұрты» мүмкін болған ең жоғарғы 18 ұпайды толық өз қоржынына салып, турнир кестесіндегі басты қарсыласынан 10 ұпайға ұзап кетті. Қазір оларда 34 ұпай бар. Одан кейінгі орындарды Алматының «Ұшқын-ҚазҰАУ» (24 ұпай), «Семей» (22 ұпай), Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2» (21 ұпай), Қызылжардың «Есіл-Виктория» (12 ұпай), «Павлодар-2» (10 ұпай), Оралдың «Жайық-Конденсат» (3 ұпай) командалары өзара бөлісуде. Бұл турда шымкенттік Гафуржон Алимов, алматылық Валентин Лагутин, семейлік Игорь Чикишев, павлодарлық Виктор Москов, қызылжарлық Тимур Шайхутдинов, өскемендік Рохас Коимбра Рейньер, оралдық Денис Кучеров үздік ойыншылар атанды. Енді 3-тур ойындары 18-27 ақпанда өтпек.

Соңғы жаңалықтар