Шымкенттік тұрғын әлеуметтік пәтер аламын деп 2 млн теңгесінен айырылды

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік тұрғын мемлекеттік бағдарлама аясында үй аламын деп, 2 миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол әл-Фараби аудандық полиция басқармасына 7 жылдан бері білетін танысының үстінен арызданған. Танысы пәтер алып беру үшін 2 миллион теңгесін заңсыз иемденген.

«Күдікті жәбірленушіге Шымкент қаласынан мемлекеттік бағдарлама арқылы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға беріліп жатқан пәтерлердің бірін алып беруге уәде берген.

Бұл дерек Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмысын жүргізді. Нәтижесінде 36 жастағы тұрғыны ұсталып, сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп жазды аймақтағы Полиция департаментінен.

Айта кетейік, кеше қалада тұтынушыларын таластырып қойған дүкен иесі жауапқа тартылатынын жазған болатынбыз. Ондағы спорттық киім сататын дүкен иесі акция ұйымдастырып, соңы шуға айналған. Арзан киім алғысы келген көпшілік жарнаманы естіген бойда дүкенге қарай лап берген. Нәтижесінде дүкенге кіруге таласқан тұтынушылар бір-бірінің өміріне қауіп төндірген еді.


Соңғы жаңалықтар