+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Шымкенттік судьялар марапатталды

2019 жылғы 15 желтоқсан 20:43
Бөлісіңіз:
Шымкенттік судьялар марапатталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қалалық сотында Қазақстан Республикасының ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік шараға ардагер судьялар, қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Қалалық соттың төрағасы Е.Рахымбеков салтанатты іс-шараны ашып, жиналған қауымды еліміздің маңызды мерекесімен құттықтап, тәуелсіздік жылдарында еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталды. Сот жүйесінің республиканы дамытуға қосқан үлесіне ерекше атап өтіп, Мемлекет басшысының сот төрелігінің сапасын арттыру жөнінде жүктеген тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асқанын жеткізді. Бұған судьялар жүктемесінің төмендеуін, судьялар қатарына іріктеуді және олардың қызметін кәсіби тұрғыдан бағалауды, соттарда жұмыстың жаңа тәсілдерін енгізуді, электрондық сот төрелігін дамытуды айтуға болады.


Салтанатты шарада судьялар мен сот қызметкерлері арасында өткен патриоттық әндер сайысы ұйымдастырылып, барлық қатысушыларға арнайы дипломдар берілді. Мерекелік жиында сондай-ақ, ұзақ жылдар бойғы жемісті әрі мінсіз қызметі, сот-құқық жүйесін дамытуға қосқан судьялардың еңбектері еленді. Жоғарғы Соттың «Сот жүйесінің ардагері» медалімен доғарыстағы судья А.Елшібаев, Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Жанғазин және азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Пәрменов марапатталды. Судьялар Одағының «Үш би» құрмет белгісімен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ә.Шахидинов және мамандандырылған тергеу сотының судьясы С.Айнабеков марапатталды. Өзге де судьяларға түрлі дәрежедегі марапаттар мен Алғыс хаттар табыс етілді.

Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT