Шымкенттік студенттер Кореяда білім алатын болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік студенттер Кореяда білім алатын болды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде корей тілінде білім беретін орталық ашылып, арнайы емтиханнан өткендердің Кореяда оқуына мүмкіндік жасалып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір мегаполисте Бас Консулдың қатысуымен Кореяның мәдени күндері өтіп жатыр. Соның аясында оқу орнынан ашылған орталықта студенттер тегін, ал қалған азаматтар ақылы негізде корей тілін үйрене алады. Екіжақты байланысты одан әрі дамыту мақсатында университетте арнайы жәрмеңке де ұйымдастырылды. Онда кәріс халқының ұлттық ерекшеліктері паш етілді. Студенттер корей елінің ұлттық киімдерін киіп көрді. Сондай-ақ, жиналғандар ұлттық тағамдардан дәм татты.

Екі күнге созылатын Корей халқының мәдени күндері аясында хип-хоп бағытындағы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, студенттер арасында викториналық жарыс өткізу жоспарланып отыр.

null 

Соңғы жаңалықтар