Шымкенттік спортшылар ревакцинацияны қолдайды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік спортшылар ревакцинацияны қолдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар қазақстандық әріптестеріне вакцина салуға челлендж жолдады. Саңлақтар, осылайша, әлемдік пандемияға себеп болған коронавирус инфекциясының алдын ала аламыз дейді.

Бұдан кейін Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев спортшылармен жүздесіп, еркін әңгіме-дүкен құрды. Олардың арасында өткен Олимпиадалар мен әлем чемпионаттарының, әлем кубоктарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, белгілі спортшылар бар.

– Дәрігерлер мен мамандар пандемиядан құтылып, қалыпты өмірге оралудың сенімді жолы деп, ковидке қарсы вакцина алуды айтады. Спортшылар жарыс, жаттығу жиындарына қатысу барысында көптеген қала, мемлекеттерді аралайды, көпшілікпен жүздеседі. Сондықтан, өзіміз де денсаулық сақтауға баса көңіл бөліп, өзгелерге үлгі болуымыз керек, – деді Бауыржан Қалмұханбетұлы.

Басқосу соңында спортшылар естелік суретке түсіп, тарасты.


Соңғы жаңалықтар