Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
2022 жылғы 17 тамыз 16:30

Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері жол саласындағы жемқорлық бойынша 15 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алдын алу қызметінің басшысы Саян Ахметжанов онлайн брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 18 сотқа дейінгі тергеу ашқан болса, биыл жартыжылдықтың өзінде ғана 15 сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Мұның бәрі –қылмыстық істер. Оның көбі ақша жымқыру, парақорлық лауазымдық өкілетін пайдалану баптарымен байланысты», - деген агенттік өкілі бірнеше мысал келтірді.

«Мысалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде Батыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшының үстінен қозғалған іс жатыр. Ол жалпы сомасы 180 млн теңгеден асатын жұмыстардың орындалғаны туралы жалған актіге қол қойды деген күдікке ілінді. Күрделі жөндеу нысаны – «Нұрлы жол» бағдарламасаның аясында қаржы бөлінген «Бөрілі-Ақсай-Жымпиты» бағытындағы жол.

Сондай-ақ Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы мен өзге тұлғалардың үстінен де қылмыстық іс тергеліп жатыр. Олар былтыр қазан айында мемлекет бюджетін ысырап ету арқылы 747 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған. Мұнда да қаражат «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы бөлінген», - деді Саян Ахметжанов.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT