Шымкенттік полицейлер тұрғындарды қабаған иттен құтқарды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік полицейлер аумақты патрульдеу кезінде адамдар қабаған иттен құтқарып қалды. Тәртіп сақшыларының бірі иттің мойынынан ұстап тұрғанда, ит оны екі қолынан тістеп алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияның жедел басқару орталығына қаладағы аялдамалардың бірінде адамдарға қабаған иттің шабуылдағаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген қос полицей қабаған иттің тұрғындардың біреуін қолынан, екіншісің иығынан тістеп алғанын көрген. Учаскелік полицейдің бірі ит қолын тістеп алса да, оны байлап қоюға үлгерген. Келген жедел жәрдем бригадасы зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға алып кеткен. Артынша ветеринарлар келіп, итті алып кеткен.

Айта кетейік, Шымкент қалалық ПД Абай ауданы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Музафар Абдирахманов 2011 жылдан бері ішкі істер органында қызмет етеді. Ал, оның сенімді серіктесі полиция лейтенанты Бименды Ирисбеков ішкі істер саласында 2017 жылдан бастап қызмет етеді. Адамдарды иттен құтқарған бұл полицейлер ҚР ІІМ «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальдерімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар