Шымкенттік полицейлер халықпен 30-ға тарта кездесу өткізді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылы Шымкенттің полиция өкілдері қала тұрғындарымен 30-ға тарта кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция органдары мен халықтың арасында тиімді кері байланыс орнату мен азаматтардың шағымдарын тез арада қарастыру мақсатында ұйымдастырылған кездесулер қаланың барлық аудандарында өткен.

Шымкент қаласының Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов халықпен кездесуде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мемлекеттік органдардың қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас жасап, халыққа барынша жақын және олардың өтініштері қабылданатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Ералы Жұмаханбетов тұрғындардың қандай да бір мазалап жүрген сұрақтары немесе мәселелері болса, міндетті түрде бірлесіп, ақылдасып шешімін табатынын жеткізді. Кездесу барысында қала аумағындағы елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында аудандық полиция бөлімдеріне қызметтік автокөліктердің беріліп жатқанын және тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, демалыс күндері қосымша автоэкипаждар жұмыс істейтіндігі айтылды.

Соңғы жаңалықтар