Шымкенттік полицейлер хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімді тапты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік полицейлер хабар-ошарсыз жоғалған жасөспірімді тауып, туған-туыстарына қайтарды. Ол үйінен бір апта бұрын шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Еңбекші аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол 15 жасар ұлының жоғалып кеткенін көрсеткен. Содан бері еш хабарласпағанын жеткізген.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полицейлер жасөспірімді тауып, үйіне қайтарды. Қазіргі таңда мектеп жасындағы баланың қайда болғаны, не себепті мұндай қадамға барғаны анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар