Шымкенттік полицейлер болашақ заңгер жастармен кездесті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік полицейлер М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетінде білім алатын студенттермен кездесіп, тергеуші мен анықтаушылардың атқаратын қызметі, оның қызығы мен қиындығы жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуға М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық институтының шәкірттері де шақырылды. Басқосуда қалалық Полиция департаменті Тергеу басқармасының қызметкерлері қоғамық тәртіпті сақтау мен түрлі құқықбұзушылық әрекеттермен күресудің қыр-сырын баяндап өтті. Қазіргі таңдағы полиция қызметкерінің қандай болу керектігін жеткізіп, оған қойылатын талаптар барысымен таныстырды. Яғни, тәртіп сақшысы қоғамдағы кез келген азаматқа жанашыр болу керектігі айтылды. Кездесуге келген жастар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып, көптеген ақпараттар алғандығын атап өтті. Іс-шара аясында заң факультетінің студенттері арасынан «Жас заңгерлер клубын» ұйымдастыру туралы шешім қабылданып, тараптар алдағы уақытта тұрақты түрде клуб мүшелеріне дәріс сабақтары, байқаулар және тағы басқа іс-шаралар өткізіліп тұратын болып келісті.

Айта кетейік, Шымкент қаласының Полиция департаменті ағымдағы жылдың қыркүйек айында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрімен бекітілген «Ішкі істер органдарына кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойған. Аталған кездесу осы меморандум аясында ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар