Шымкенттік оқушылар Әлия Молдағұлованы еске алу шарасын өткізді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі № 29 мектеп оқушылары Әлия Молдағұлованың 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл дата мектеп үшін өте маңызды, өйткені білім мекемесі аты аңызға айналған қазақстандық батыр қыздың есімімен аталған.

«Кеңес жылдарында бізге Әлия Молдағұлованың майдандасы келген болатын. Оның майданда қандай болғаны туралы баяндап берді. Оның пікірлер кітабындағы жазбасы ұзақ жылдар бойы мұражайымызда сақталып келеді», - деп баяндады № 29 мектептің кітапханашысы Ләззат Әлімхан.

Мектеп мұражайында мұғалімдер де, оқушылар да көздің қарашығындай сақтап отырған бірнеше ондаған экспонат бар. Мектеп балаларға білім беріп келе жатқанына жарты ғасыр уақыт болды. 35 жыл бұрын мереке кезінде оқушылар болашақ ұрпаққа тілектері жазылған ерекше капсуланы салып, бүгінде олардың жазбаларын ашып, бүкіл мектеп болып оқыды. Қазіргі оқушылар өздерінің кейінгі ұрпаққа тілектерін қағазға емес, бейнежазба жасап жолдап, оны да капсулаға салды. Енді оны 50 жылдан кейін мектеп мерейтойын атап өтетін ұрпақ өкілдері аша алады.

Соңғы жаңалықтар