+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Шымкенттік оқушы Елбасы мақаласы негізінде жоба жасады

2019 жылғы 30 қараша 20:02
Бөлісіңіз:
Шымкенттік оқушы Елбасы мақаласы негізінде жоба жасады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушысы Сұңғат Әбдіразақ «Kazakhland» ойын-сауық орталығы» атты ұлттық құндылықтарды насихаттайтын жоба жасады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме берген ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Ерекше жоба мектептегі ашық есік күнінде таныстырылды. Жоба авторы жұмысты Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын негізге ала отырып жасағанын, сондықтан ойын-сауық орталығы 7 секциядан тұратынын мәлімдеді. Онда ертегі, археология, қазақ әндері, жылқылар, қолөнер, ұлттық ойындар және он екі ай деген елдер бар. Әр елге тап болған бала оның бейнесін ғана көріп қоймай, дауысын естіп, күй тыңдай алады.

Жас өнертапқыштың айтуынша, жоба қолдау тапса, ол туристер үшін де қызық болмақ.

Сонымен қатар, ғылыми-шығармашылық идеялар жәрмеңкесінде «Bio worlds», «Рухани жаңғыру», «Robotics», «Ғылыми лаборатория», «Intellectum zone», «STEAM» және «Лайфхак» бағыттары бойынша 140-тан аса жұмыс таныстырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT