+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Шымкенттік оқушы Болгарияда өткен халықаралық пән олимпиадасында жеңімпаз атанды

2017 жылғы 11 тамыз 11:51
Бөлісіңіз:
Шымкенттік оқушы Болгарияда өткен халықаралық пән олимпиадасында жеңімпаз атанды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік оқушы Бекарыс Бегәдiлла Болгарияда өткен халықаралық пән олимпиадасына қатысып, алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Әлем елдері оқушыларының басын қосатын дәстүрлі олимпиада мектеп оқушылары арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұйымдастырылған болатын. Алыс та жақын шет елдердегі арнайы мамандандырылған мектептердің шәкірттері өз білім деңгейлерін көрсетті. Дарынды балалар математика пәні бойынша теориялық және эксперименталдық кезеңнен бағын сынады. Осындай білім бәсекесінде Шымкенттегi №23 мектептің оқушысы қатарластарынан оқ бойы озып шығып, 1-ші орынды жеңіп алды.

Айта кетейік, бiлiмге құштар жеткiншек математика пәні бойынша бірнеше білім сайыстарына қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Оны түрлi байқауларға дайындап жүрген ұстазы Ольга Ивановна.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT