+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Шымкенттік көпбалалы отбасылар мен жастарға пәтерлер беріледі

2019 жылғы 10 желтоқсан 23:09
Бөлісіңіз:
Шымкенттік көпбалалы отбасылар мен жастарға пәтерлер беріледі

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік көпбалалы отбасылар мен жастарға жыл соңында пәтерлер беріледі. Жалдамалы 16 үйдегі пәтерлер 450 жанұя мен 904 жасқа тапсырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысы Ерлан Айтаханов тұрғындарға берілетін үйлерді аралап, олардың инфрақұрылыммен қамтылу мәселесін бақылады. Атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көріп шыққан шаһар басшысы тұрғын үйлердің сапасына және газбен, жылумен қамтамасыз ету мәселесіне мән берілу керек екенін баса айтты. Баспаналардың сапасы мен қасбетіне мән беріп, құрылыс жұмыстарын уақтылы аяқтауды өз бақылауына алатынын атап өтті. Шаһар басшысы жаңа тұрғын үй секторлары толығымен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесімен қамтылуы тиіс екенін назарға алды.

Айта кетейік, аталған үйлер әкімшілік іскерлік орталық пен «Шымкент Сити» шағынауданында және Ақназархан, Гагарин көшелерінде орналасқан. Қалалық құрылыс басқармасы тарапынан биыл Шымкентте көп қабатты 59 үй салынуда. Ағымдағы жылы аталған үйлердің 27-сі пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Аумағы 120 мың шаршы метрді құрайтын үйлерде 1554 пәтер бар. Бүгінгі таңда кредиттік және жалдамалы көпқабатты 13 үй берілсе, жыл соңына дейін тағы көпқабатты 14 үй тапсырылады деп күтілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT