+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.42 EUR 424.58
RUB 6.00 CNY 54.31
Jańalyqtar

Шымкенттік Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкеріне қол көтерді

2019 жылғы 23 тамыз 17:41
Бөлісіңіз:
Шымкенттік Халыққа қызмет көрсету орталығының  қызметкеріне қол көтерді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент тұрғыны Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкеріне қол көтерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай әлеуметтік желіде хабарлады.

Келеңсіз оқиға 22 тамыз күні сағат 12:00 кезінде Шымкент қаласындағы Еңбекшіқазақ ауданында болған. Шымкенттік тұрғын орталыққа өзінің танысымен бірге жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін келген. Орталық қызметкері одан жеке куәлігін сұраған кезде оның кезекке арналған электронды талонды танысының құжаты арқылы алғаны белгілі болады.

«Ер адамға жеке куәлік көшірмесін қабылдай алмайтынын айтқан кезде, ол осы көшірм емен рәсімделгенін айтып қарсылық білдірген. Оператор тағы да қабылдамайтынын айтқан кезде ол бетінен ұрып жібереді. Мұны фронт кеңсенің қызметкерлері де, залда отырғандар да көрген «, - деді әлеуметтік желіде Мұрат Жұманбай.

Осы оқиғадан кейін ХҚО жетекшісі полиция шақыртуға мәжбүр болған. Полиция қызметкерлері шұғыл жетіп, қызметкердің шағымын қабылда ды

«Бұл ХҚО қызметкеріне қол жұмсаған алғашқы жағдай емес. Осыған ұқсас оқиға Нұр-Сұлтан қаласында болған еді», - деді М . Жұманбай.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Шымкент, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT