+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Шымкенттік дәрігерлердің жалақысы өсіп, жүктемесі азайды

2019 жылғы 21 ақпан 15:53
Бөлісіңіз:
Шымкенттік дәрігерлердің жалақысы өсіп, жүктемесі азайды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік дәрігерлердің жалақысы өсіп, жүктемесі азайды. Қалада қосымша 40 учаскелік емхана ашу жоспарланып, мамандар оқытылып жатыр. Бұл туралы бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма мамандарының айтуынша, еңбекақысы көтерілген медицина мамандары ауруларды басқару бағдарламасы бойынша оқыту курсынан өткен. Бұл - созылмалы инфекциялық емес аурулары бар адамдарды қолдауға арналған және созылмалы ауруларды жүргізуді жақсартуға бағытталған кешенді жоспарлы тәсіл. Қазіргі таңда аталмыш бағдарлама бойынша 207 дәрігер мен 475 орта медициналық қызметкер оқыған. Яғни, учаскелік желі медицина қызметкерлерінің 50% жуығының тәжірибесін жетілдірген. Сондай-ақ, наурыз айының соңына дейін қаладағы дәрігерлер мен орта деңгейдегі медициналық қызметкерлер толықтай оқыту курсынан өтеді. Олардың жалақысы орта есеппен 20 пайызға артады.

Қалада сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда жалпы тәжірибе дәрігерлерінің учаскелері топтастырылып жатыр. Өткен жылдың қыркүйек айында учаскелік емханаларда бір дәрігерге 2084 тұрғыннан келсе, ағымдағы жылдың соңына дейін бұл көрсеткіште науқастар саны 1905-ке кемитін болады. Бұл бағытта басқарма тарапынан бастапқы медициналық көмек көрсететін мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктерді және кішігірім жекеменшік клиникаларды жетілдіру арқылы осы көрсеткішті 1700-ге дейін жеткізу бойынша іс-шаралар жүріп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT