+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Шымкенттік дәрігерлер тыныс алуы тоқтаған сәбиді аман алып қалды

2019 жылғы 8 қараша 23:19
Бөлісіңіз:
Шымкенттік дәрігерлер тыныс алуы тоқтаған сәбиді аман алып қалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік дәрігерлер туғанына 26 болған нәрестенің өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға 27 қазан күні болған.

Сәбидің анасы аскөк сорпасын берген кезде, сұйықтықты іше алмаған нәресте бірден шашалып қалған. Содан бет аузы көгере бастапты.

«Перзентінің ауыр жағдайын көрген анасы бірден 103-ге хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы сәбидің тыныс алмай жатқанын көреді. Тіпті оның тірі екенін дәлелдейтін белгілері байқалмаған. Осыдан кейін дәрігерлер бірден реанимациялық шараларды жасауға кірісіп, баланың өкпесін судан тазартқан. Жасанды тыныс алдыру әрекетін жасап, арада 3 минут өткеннен кейін сәбидің жүрек соғысы пайда болған. Артынша тыныс алуы қалпына келді», - делінген хабарламада.

Дәрігерлердің сөзінше, қазіргі кезде бір айлық сәбидің жағдайы жақсы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT