Шымкенттік дәрігерлер өзбекстандық әріптестерімен тәжірибе алмасады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік дәрігерлер өзбекстандық әріптестерімен тәжірибе алмасуға уағдаласты. Қаланың Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Асхан Байдувалиев пен Самарқанд облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Давранбек Жуманиязов екі жақты мемморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған құжатқа сәйкес, Қазақстан мен Өзбекстанның Денсаулық сақтау жүйелері арасындағы ынтымақтастық күшейіп, медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл жасалады. Екі елдің азаматтарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету жақсарады. Ең бастысы, мегаполис дәрігерлері біліктіліктерін арттырып, тәжірбие алмасатын болады.
Айта кетейік, меморандум Қазақстанның Өзбекстандағы медицина күндері аясында түзілді . Ауқымды шара аясында сондай-ақ, шетелдік медициналық ұйымдар мен жоғары оқу орындары арасында келісім жасалды. Көрші елдегі Қазақстанның медицинасы күндері екі күнге жалғасады деп күтілуде. Ташкент қаласында өтіп жатқан ауқымды шараға Шымкент қаласынан денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Байдувалиев бастаған бір топ делегат қатысуда.
- Шымкентте әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған акция өтті
- Шымкент тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмекті беру тәртібі түсіндірілді
- Шымкентте қоғамдық келісім кеңесінің тиімділігін арттыру жайы талқыланды
- Шымкентте салығы төленбеген көліктер айып тұрағына қойыла бастады
-
Алматы кардиологтары жүректі тоқтатпай күрделі ота жасады
-
Елордада МӘМС жұмысын қадағалайтын кеңес құрылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам