Шымкенттік бойжеткенді өлтірген такси жүргізушісі сотталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 2 апта бойы жоғалды деп саналған студент қызды аяусыз өлтірген қылмыскерге жаза тағайындалды.

Бүгін қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сот үкім шығарды. Істі қарау шамамен екі айға дейін созылды. Жауапқа тартылған 25 жастағы Әлішер Арғымбаев ҚР ҚК-нің 99-бабы және 188-бабы бойынша айыпты деп танылды. Ер адам қатаң режим колониясында 16 жылын өткізеді.

Сот айыпкердің 10 мамыр күні студент қызды аяусыз өлтіргенін анықтады. 17 жастағы Әйгерім Оспанбекова Жаңатұрмыс ауылының тумасы, Шымкент қаласындағы университет студенті. Әйгерім ауылынан қалаға жету үшін Әлішердің көлігін тоқтатқан. Ер адам бұрауышпен қызды 8 жерінен жарақаттаған, ұялы телефоны мен 8,5 мың теңгесін алған. Қыздың денесін жүксалғышқа салып, Бағыс ауылына апарған және жолдың жиегіне көміп тастаған.

Әйгерімнің туыстары берілген жазаны жеңіл деп отыр, әзірге олар қарсы шағым түсіре ме, жоқ па белгісіз. Қорғаушы тарап та сот шешіміне қарсы шығуы мүмкін. Сотталушының анасы ұлының кінәсіз екенін, полицияның жала жауып отырғанын, нағыз қылмыскердің әлі табылмағанын айтуда. 

null 

Соңғы жаңалықтар