Шымкенттік бойжеткен 9-қабаттан секірмекші болды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте іздеуде жүрген бойжеткен 9-қабаттан секірмекші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көп қабатты тұрғын үйдің 9-қабатында өз-өзіне қол жұмсамақ болып отырған жас қызды көрген жергілікті тұрғын бірден полицияға хабарлаған. Мекен-жайға дереу жеткен 844 және 732 автоэкипаж қызметкерлері шұғыл әрекет етті. Мақсат Талқанбаев, Ринат Кадиров және Сұңғат Әбілов қызды сөзге тарта отырып, қауіпсіз жерге шығарды. Жедел жәрдем шақыртып, азаматшаға психологиялық көмек көрсетілді.

«Мән-жайды толық анықтау үшін тұрғын Еңбекші ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Оқиға болардан екі күн бұрын жақындары полицияға қыздарының жоғалғандығы туралы арызданып, азаматша іздеуде болған» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар