+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Шымкенттік әйел түркістандық бойжеткенді Атырау облысында жезөкшелікке салған

2021 жылғы 27 қыркүйек 12:57
Бөлісіңіз:
Шымкенттік әйел түркістандық бойжеткенді Атырау облысында жезөкшелікке салған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Stop-трафик» операциясының аясында Түркістан облысының 22 жастағы тұрғынын Атырау облысында жезөкшелікке салған шымкенттік әйел ұсталды, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында жеңгетайлықпен айналысқан 40 жастағы келіншек ұсталды Қазақстанда интернет арқылы есірткі таратушыларға қандай жаза қарастырылған Жүкті әйелді өлтіргені үшін 20 жылға сотталды - Павлодар облысы

Ішкі істер министрлігінің ақпарат алаңында Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов осындай дерек келтірді.

«Атырау облысында жезөкшелікке итермелеу фактісінің жолы кесілді. Шымкент қаласының 27 жастағы тұрғыны Түркістан облысының 22 жастағы тұрғынын алдап, қорқыту арқылы 4 ай бойы жезөкшелікке пайдаланған. Күдікті 22 жастағы қыздың деректерін интернетке салып, интимдік қызметтер көрсететіні туралы хабарлама жариялап отырған. Бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 308 бабы, 1-бөлігімен іс қозғалды», - деді департамент басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, «Stop-трафик» операциясының аясында «Қарағанды облысындағы Балқаш қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталған.

«Ол кәмелетке толмаған тұлғаны алдау арқылы және оның тәуелділігін пайдаланып, 3 апта бойы жезөкшелікке тартып, жалға алынған пәтерлерде «клиенттермен» интимдік қызмет көрсету үшін кездестіріп отырған. Бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 134-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікке тарту) қылмыстық іс қозғалды», - дейді Қанат Нұрмағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, полиция адам саудасынан құтқарылғандардың бәріне қажетті көмек пен арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілуін қамтамасыз еткен.

«Полиция қызметкерлері Ақтөбе облысындағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысын ұстады. Ол 2 ай бойы 57 жастағы ер адамды қорқытып ұстап, жұмысқа салған. Зардап шегуші мал баққан. Үйде жерде ұйықтап, қашуға әрекеттенгенімен, қайтарылып отырған. Қылмыстық кодекстің 128-бабымен қылмыстық іс қолғалды», - деді ІІМ өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT