Шымкенттік әйел тұрғындарға 42500 теңге алуға көмектесемін деп хабарлама таратқан

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік әйел тұрғындарға 42500 теңге алуға көмектесемін деп хабарлама таратқан. Бұл қызметін ол әрбір адамға мың теңгеден бағалаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 сәуір күні WhatsApp месенджері арқылы «әлеуметтік төлем алуға көмектесемін» деген хабарлама тараған. Онда азаматтардан ЖСН, ЖК атауы, электронды кілттері мен тұрғылықты мекенжайы, банк карталарының нөмірі қажет екені айтылған.

«Аталған жайт бойынша, Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша іс қозғалып, тіркеуге алынды. Тәртіп сақшылары тарапынан жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, осы қылмысқа қатысы бар деген 27 жастағы әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі таңда Полиция департаменті тарапынан сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданады» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар