Шымкенттік 675 отбасы баспаналы болды

None
None
 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкентте 675 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

 Нұрсәт шағынауданындағы 35 пәтерлі қызметтік үй мен Тұран шағынауданындағы бес қабатты 16 үйдің пәтер кілттерін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев салтанатты түрде табыстады.
null

Қоныс иелерін құттықтаған аймақ басшысы халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында қалада соңғы жылдары тұрғын үй салу жұмысы қарқын алғанын айтты.

Әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан 35 пәтерлі қызметтік үйді баспана кезегінде тұрған - мәдениет саласы, әскерилер мен мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер алды.
null

Ал, Тұран шағынауданындағы 640 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-ның есебінен салынған. Мұндағы 339 пәтер жергілікті атқарушы органдарда баспана кезегінде тұрғандар арасында бөлінді.

Оңтүстік Қазақстанда 2017 жылы 263 үйдің құрылыс жүргізіліп, жыл соңына дейін 116 үйдің құрылысы аяқталады. Осының нәтижесінде жыл соңында 6000 отбасы баспаналы болады.
nullnull

Соңғы жаңалықтар