Шымкенттік 5 дәрігер жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия халқына көмек көрсетеді

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкенттік 5 дәрігер Түркияға жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін шымкенттік 5 дәрігер жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Олардың арасында терапевт, нейрохирург, реанимотолог мамандары бар.

Айта кетейік, бүгін Түркістан облысының бір топ дәрігері Түркияға шұғыл көмекке аттанғанын жазған болатынбыз. Олардың да ішінде түрік тілін меңгерген тәжірибелі дәрігерлер терапевт, ортопед, нейрохирург, ангиохирург, проктолог, хирург, невролог мамандары бар.

Еске сала кетсек, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырған болатын. Осы тапсырмаға сәйкес еліміз бойынша Түркияға медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер бригадасы құрылған болатын.

Соңғы жаңалықтар