Шымкентті оңтүстік өңірдегі хабқа айналдыруға болады – Қасым-Жомарт Тоқаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шымкентті оңтүстік өңірдегі хабқа айналдыруға болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұнда машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі және құрылыс саласын дамытуға мүмкіндік мол. Осы орайда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен Көлік-логистика аймағын кеңейту маңызды міндеттердің бірі. Қазір қалада аумағы 90 мың шаршы метр болатын 6 қойма бар. Шымкент өте қолайлы жерде орналасқан. Мұны тиімді пайдалансақ, қаланы оңтүстік өңірдегі хабқа айналдыруға болады. Әкімдікке Үкіметпен бірлесіп, осы мәселені пысықтауды тапсырамын», - деді ҚР Президенті Шымкент жұртшылығымен кездесу барысында.




Фото: akorda.kz






Соңғы жаңалықтар