+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Шымкенттен өтіп бара жатқан транзиттік көлік жүргізушісінен коронавирус анықталды

2020 жылғы 4 сәуір 17:13
Бөлісіңіз:
Шымкенттен өтіп бара жатқан транзиттік көлік жүргізушісінен коронавирус анықталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттің аумағынан өтіп бара жатқан транзиттік көлік жүргізушісінен коронавирус анықталды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай штабы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Науқас 1964 жылы туған Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына қарасты Атакент елді мекенінің тұрғыны екені анықталды. Ол 28 наурыз күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізуші «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. Нәтижесінде шұғыл ауруханаға жеткізілген. Ал, транзиттік көлікті ары қарай айдап кеткен ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылған. Бұл Шымкентте тіркелген 13-жағдай болып отыр» делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT