Шымкенттен Қарағандыға есірткі алып бара жатқан жүргізуші ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер есірткі тасымалдаушыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының полиция бөлімшесінің қызметкерлері Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолының 168-шақырымында 22 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «БМВ» автокөлігін тоқтатты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тексеру барысында «Рони« есімді қызметтік ит автокөліктің қақпағының астынан ақ кристалды ұнтақ заты бар полиэтилен пакетін тапты, ол СХЭ нәтижелері бойынша салмағы шамамен 1,5 кг психотроптық есірткі заты болып шықты. Жауап алу барысында жүргізуші «Телеграмм« желісі арқылы Шымкенттен Қарағандыға 200 000 теңге көлемінде ақы төлегені үшін жүкті жеткізуге келіскенін мойындады. Ол пакетті Шымкент қаласының көшелерінің біріндегі тастың астынан алғанын айтты, бірақ жолда ұсталды»,-делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат Шу АПБ УҰИ-не қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар