Шымкенттен «Астанаға - Оңтүстіктен тарту» автокеруені жөнелді

None
None
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысынан Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына орай «Астанаға - Оңтүстіктен тарту» керуені аттанды. Аталған автокеруен Астана қаласындағы балалар және қарттар үйлерінің әрқайсысына 2 тоннадан ет, көкөніс, бақша өнімдерін тиеп аттанған. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қанатбек Оспанбековтің айтуынша Астана күніне орай 10 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдері елордаға жөнелтіліп отыр. Бұл өңірдегі аудан мен қалалардың Бас қалаға жасаған өзіндік тартуы. Соған орай, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен ауыл шаруашылық басқармасының мамандары жиналып керуенді салтанатпен шығарып салды.

Тоқтала кететін жайт, «Елордамыз - Астанаға 15 жыл» мерекесіне орай, 29 маусымда Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткен болатын. Онда облыс қалалары мен аудандарынан нарықтағы базар бағасынан 15-20%-ға дейін арзандатылған бағада барлығы 241 тоннадан астам өнімдер сатылды. Оның ішінде: ет өнімдерінің 6 түрінен 52,0 тонна, көкөністердің 7 түрінен 69,0 тонна, картоп 25,0 тонна, жеміс-жидек 7 тонна, бақша 14 тонна көк өнім 3,0 тонна, сүт және сүт өнімдерінен 15 000 литр, жұмыртқа 20 мың дана және де 36,0 тонна басқа түрлі өнімдері сатылды. Сауданың жалпы құны 74 млн. тенгеден астам қаржыны құрады.

Соңғы жаңалықтар