Шымкенттегі жол апатынан 10 адам зардап шеккен

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте екі қоғамдық көліктің қатысуымен болған жол апатынан бас-аяғы 10 адам зардап шеккен. Бұл туралы бүгін облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Оқиға орын алған соң Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасына бағыттағы көліктің жүргізушісі мен жеті жолаушы  жеткізілген. Өзгелеріне оқиға орнында алғашқы көмек көрсетілді.

«Бізге сегіз науқас жеткізілді. Олардың ең жасы 1991 жылғы. Әр түрлі дене жарақатын алған жолаушыларға алғашқы көмек көрсетілді. Ал, 59 жастағы әйел адам жарақатына байланысты аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы қалыпты деуге болады», - деді Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Қазіргі таңда жол көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтау үшін екі көлік те айып тұрағына қойылды.

Облыстық ішкі істер департаменті берген мәліметі бойынша қазір осы оқиға бойынша ҚР ӘҚБТК-нің 610-бабымен («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы») әкімшілік іс қозғалып,  тергеу амалдары басталып кетті.

Еске салайық, кеше кешкісін 19.00-дер шамасында Шымкенттегі Тәуке хан даңғылы мен Аймауытов көшелерінің қиылысында №93 бағыттағы автобус пен №77 бағыттағы қоғамдық көлік соқтығысып қалған болатын. Салдарынан бірнеше жолаушылар зардап шеккен еді. 

Соңғы жаңалықтар