Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

ОҚО университетінде күйеуі әйелін пышақтап өлтірді

2018 жылғы 14 мамыр 11:20 140
Бөлісіңіз:
ОҚО университетінде күйеуі әйелін пышақтап өлтірді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу ғимаратында лаборант болып жұмыс істейтін келіншекті күйеуі пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 11 мамыр күні болған. Жұмыс орнына әйелін іздеп келген күйеуі жанжал шығарып, ақырында оған 5 рет пышақ сұғып алған. Бір соққы дәл жүрегіне тиген. Жарақат алған әйелді жедел жәрдем ауруханаға жеткізгенімен, оны құтқару мүмкін болмаған. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.  

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Аталған факті бойынша Шымкент қалалық Ішкі істер басқармасына қарасты әл-Фараби полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру»  бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Күдікті қамауда», - делінген таратылған хабарламада.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT