Шымкенттегі жоғары оқу орнында есірткі притоны анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкенттегі жоғары оқу орнында есірткі притоны анықталды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

«Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында қала университеттерінің бірінің спорт залында есірткі затын тұтыну үшін притон ұйымдастырылғанын анықтады» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, аталған жайт бойынша ҚР ҚК 302-бабы 1-бөлігімен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

Соңғы жаңалықтар