Шымкенттегі жекеменшік емхананың дәрігерлері ардагерлерді медициналық тексеруден өткізді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі жекеменшік емхананың дәрігерлері ардагерлерді медициналық тексеруден өткізді.

«Ұрпақтар алғысы» республикалық әлеуметтік жобасының аясында «Медикер-ЮК» көп салалы орталығының дәрігерлері алты ардагерді тексеруден өткізді. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының ОҚО бойынша баспасөз қызметінен хабарлағандай, бизнесмендер бұл шараға ынталана келісті. Осылайша, ардагерлердің барлығына электрондық тонометрлер мен емделу үшін қажетті дәрі-дәрмектер берілді. Бұдан басқа, екі ардагер - 91 жастағы Әбдуғани Есетов пен 92 жастағы Турагелді Сұлтанов кәсіби жабдықтар арқылы толық қаралудан өтті. Оларға узи, рентген, кардиография жасалды. Оған қоса, ардагерлер лор дәрігерлер, көз дәрігерлерінің кеңестерін алып, невропатолог, терапевт, кардиолог дәрігерлеріне қаралды. Емханаға келе алмаған тағы төрт ардагердің үйлеріне дәрігерлер бригадасы өздері барды.

Ақ халаттылар бұл бір рет өткізілетін акция емес екеніне сендірді. «Ұлы Отан соғысының ардагерлері біздің емханамызға кез келген уақытта келіп, дәрігерлердің көмегіне жүгіне алады. Барлық процедуралар, диагностика, емдеу тегін жүргізіледі. Бұл оларға біздің бейбіт елде тұрып жатқанымыз үшін алғысымыз болмақ», - деді орталық директоры Индира Артықбаева.

ОҚО бойынша Кәсіпкерлер палатасында көптеген бизнесмендер биылғы жылы ардагерлерге үлкен көңіл бөліп отырғаны туралы айтып отыр. Олар қарапайым азық-түлік себетімен шектелген жоқ. Кейбірі шипажайға жолдамалар алса, екіншілері үйлерін, пәтерлерін жөндеуден өткізумен немесе жылу қазандықтарын орнатумен айналысып жүр.

Соңғы жаңалықтар