Шымкенттегі жеке клиникада полицейдің өлімі бойынша тексеру шаралары жүргізіледі

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі жеке клиникада полицейдің өлімі бойынша тексеру шаралары жүргізіледі. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тексеру ОҚО бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандары тарапынан жүргізіледі.

«25 қыркүйек күні  жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін   жекеменшік орталықтағы азаматтың  қайтыс болғаны  анықталған. Жеке медицина орталығындағы қызметкерлердің айтуынша, екпе салынғаннан кейін ол есінен танып қалған. Оқыс жағдайға байланысты, тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы  ОҚО бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне хат жолданды» делінген хабарламада.

Еске салайық, Облыстық ІІД қызметкері әйелімен бірге жеке клиникаға қаралуға барып, сол жерде көз жұмған еді. Марқұмның туыстары оның екпе салғаннан кейін қайтыс болғанын айтқан. Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 317 бабы «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар