+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккен 20 жастағы жігіт қайтыс болды

2019 жылғы 12 маусым 14:11
Бөлісіңіз:
Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккен 20 жастағы жігіт қайтыс болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі газ сақтау стансасында жарылыстан зардап шеккен 20 жастағы жігіт қайтыс болды. Бұл туралы Т.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оксигенация орталығының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықтың бас дәрігері Мәдина Ермаханбетованың сөзінше, денесінің 98 пайызын күйік шалған науқасқа барлық ем-дом жасалғанымен, аман алып алып қалу мүмкін болмаған.

«Зардап шеккен азамат 18:10-де қайтыс болды. Жалыннан жігіттің бетін, мойнын, қолдарының жоғарғы және төменгі жақтарын 3-ші және 4-ші дәрежелі термиялық күйік шалған. Ол жасанды тыныс алу аппаратында жатты. Жарақаты ауыр болатын. Барлық қажетті көмек толық көлемде қамтамасыз етілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», - деді Мәдина Ермаханбетова.

Еске салайық, Шымкенттің іргесіндегі елдімекенде газ сақтау станциясында жарылыс болып, бір жұмысшы зардап шеккен болатын. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап, жансақтау бөліміне жатқызған. Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT