Шымкенттегі зауыттардың бірінен өрт шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің индустриялды аймағында орналасқан зауыттардың бірінен өрт шықты. Жалын полиэтилен шығаратын зауыттың 500 шаршы метр аумағын шарпыған, -деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметтерге сәйкес, тілсіз жау түн ортасында орын алған. Кәсіпорынның полиэтилен пакеттерін шығаратын түйршіктері тұтанып, жалын лезде тарап кеткен. Оны ауыздықтауға шамасы келмеген жұмысшылар өрт сөндірушілерді шақыртыпты. Оқиға орнына 7 техника мен 45 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Абырой болғанда өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиға орнында департамент қызметкерлері төтенше жағдайдың себеп салдарын анықтауда. Ал, зауыт уақытша жұмысын тоқтатқан.

Айта кетейік, бұл индустриялды аймақта орын алған алғашқы өрт емес. Бұған дейін осындағы көлік дөңгелектерін өңдеумен айналысатын «Эко-Шина» серіктестігінен өрт шығып, үш сағат дегенде әзер сөндірілген болатын.

Соңғы жаңалықтар