Шымкенттегі тәрбиешілердің бейәдеп әрекеті әлеуметтік желілерге тарап кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Балабақша тәрбиешілерінің әдепсіз әрекеті әлеуметтік желілерге тарап кетті. Ютуб желісіне салынған бейнетүсірілімде ұлттық киім киген тәрбиешілердің ерсі қылықтары көрсетілген. Видео сипаттамасында балабақша Шымкентте орналасқандығы жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Фейсбук желісіне «Беспредел Шымкент садик» деген атаумен түсірілген бейнетүсірілімді Нұрбол Орынбай деген азамат салыпты. Ол Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиевадан осы түсірілімді соңына дейін көріп шығуын сұраған.

«Шымкентегі балабақша дейді. Наурызды тойлауда. Жанат апай, көріңізші соңына дейін. Тəрбиешілердің бүлдіршіндерге үйретері осындай болса, бақшадағы жағдай да мəз емес екен» деп жазады ол.

Ал, бейнекөріністе тәрбиешілер наурызға орай ұйымдастырылған ертеңгіліктен кеиін балалардың көзінше ерсі билеп, бейәдеп қылықтар жасағаны  түсірілген. Кимешек пен қазақша шапан киген, сондай-ақ өзге де балабақша қызметкерлері бүлдіршіндердің көзінше өздерін еркін ұстағаны көрініп тұр. Бейнетүсірілімнің соңына қарай оларға бүлдіршіндер де қосылып билеген. Осылайша мектепке дейінгі мекемеде өткен шара соңы би кешіне айналып кеткен. Бірақ ортада балалар емес, оларға білім мен тәрбие беретін апайлары билеген.

Бейнетүсірілімді фейсбук желісінен көріп шыққан азаматтар түрлі пікір қалдырған. Басым бөлігі тәрбиешілердің бұл әректтерін сынға алыпты.

Әзірге бұл түсірілімге байланысты Шымкент қалалық білім бөлімі қандай да бір пікір білдірген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар