Шымкенттегі провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77%-ға азайды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар қатары 77%-ға азайды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шыңғыс Мұқанның сөзінше, қалада эпидемиологиялық жағдай қалыпқа түсе бастаған.

«Кеше бір күнде 437 науқас коронавирустан жазылды. Ал, жедел жәрдем қызметін шақырту өткен айларда 2320-ға дейін жетсе, бүгінде ол 1200 шақырылымға азайды. Бұл – былтырғы жылмен салыстырғанда 100 шақырту ғана көп деген сөз. Қосымша айта кетсем, жұқпалы ауруларға байланысты провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77%-ға азайды. Дегенмен әрдайым ахуалды бақылауда ұстау – біздің басты мақсат. Бұл тұрғыда жүйелі жоспарларымыз бар. Қазіргі қалыпты нормада 1420 төсек-орындық 10 провизорлы стоционар және 2 инфекциялық аурухана жұмыс істеуде. Егер науқастар саны көбейсе «Б» нұсқасына, ал ахуал тым ушықса «С» нұсқасына көшеміз», – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.


Соңғы жаңалықтар