Шымкенттегі прокуратура ғимаратының алдында көлік өртенді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі прокуратура ғимаратының алдында жеңіл көлік ортеніп кетті. Daewoo Nexia көлігін сөндіруге төтенше жағдайлар қызметкерлері шақыртылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күндізгі сағат 16:41-де көліктің өртенгені туралы хабарлама түскен.

«Өртті ауыздықтауға қалалық ТЖД 11 сөндірушісі мен арнайы техникасы жұмылдырылды. Жалын жылдам сөндірілді. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметкерлері көліктің моторындағы электр қозғалтқышы өртенгенін анықтаған. Өрттен ешкім зардап шекпеген», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар