Шымкенттегі орта мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі орта мектеп директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол 2020 жылғы 27 мамырда аталған мектептің әлеуметтанушысынан еңбекақысы төленбейтін демалысқа жібермеу және жалақысын аудару үшін 40 000 теңге алуға қатысты күдікке ілінді», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

«Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы аясында өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды», - деп атап өтті тергеуші.


Соңғы жаңалықтар