Шымкенттегі «Нұр Отан» партиясының филиалында мерекелік шара өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «Нұр Отан» партиясының филиалында Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай мерекелік шара өтті. Салтанатты жиында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, қоғамдық өмірге белсенді атсалысып жүрген қарттар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партия филиалының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов партия белсенділерін еліміздің ұлық мерекесі-Тәуелсіздік күнімен құттықтау сөз сөйлеп, ұлық мерекенің маңыздылығына тоқталды. Еліміздің еңсесін көтеріп, іргесін бекіте түсуіне елеулі үлес қосып келе жатқан азаматтардың еңбегін атап өтті.

«Тəуелсіздік күні – Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Біз бабалар аңсаған бейбіт және тәуелсіз елде өмір сүріп отырмыз. Ынтымақты – ұран, татулықты – ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Бір шаңырақтың астында тұрып жатқан барша халқымыздың достығы берік, бірлік мәңгі жасай берсін. Әрбір отбасыға бақыт, отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолында табыс тілеймін»,- деді Бахадыр Нарымбетов. Партия филиалының бірінші орынбасары сондай-ақ, партия бағдарламаларын орындауда белсенділік танытып, ел игілігі жолындағы бастамаларды іске асыруда еселі еңбек еткен бірқатар азаматтарды марапаттады.

Сонымен қатар белсенді қызметі үшін төсбелгісімен Бұхарбай Парманов наградталды.

Соңғы жаңалықтар