+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Шымкенттегі нөсер жауын: көшені су басып, техника дүкені шығынға батты

2019 жылғы 20 мамыр 01:11
Бөлісіңіз:
Шымкенттегі нөсер жауын: көшені су басып, техника дүкені шығынға батты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте демалыс күндері жауған нөсер жаңбыр жұртты әбігерге түсірді. Қаланың орталық көшелерінде жолдарға су толып, ғимараттардың шатырларынан су ақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала тұрғындары мол жауынның салдарына қатысты видеоларды әлеуметтік желіге жүктеуде. Олардың бірінде «Нұрсәт» шағын ауданындағы орталық даңғыл мен Рысқұлов көшесі су астында қалып, көліктер жүре алмай тұрғанын көруге болады.


Нөсерлеп төккен жауын тіпті, тұрмыстық техника сататын дүкен қызметкерлерін де әбігерге салған. Ірі сауда үйінің төбесінен су ағып, жаңа техникалар бүлінген. Сатушылар заттарды жинап әрекеттенгенімен, су жан-жақтан аққан.


Дәл осындай жағдай «Нұрсәт» шағын ауданындағы №47 үйде де болған. Көпқабатты үйдің шатырынан сорғалай аққан су 8-9-қабаттардағы пәтерлерге құйылып, тұрғындар баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған. Өйткені жатын орындар мен көрпе-төсектің бәрі суға малынған. Амалы таусылған тұрғындар жағдайды ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Видеода олар: «Жататын жер жоқ. Бірде бір құрғақ көрпе қалмады. Ертең біз жиналып, не істейтінімізді шешеміз», деп түсіндіріп өтеді.

Айта кетейік, синоптиктер қалада жауын шашын әлі де болатынын ескертеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Аймақ, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT