Шымкенттегі мобильді топтар 53 мың науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құралған мобильді топтар 53 мың науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Медицина мамандары дәрілік заттарды диспансерлік есепте тұратын науқастардың үйіне жеткізіп беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде 211 мобильді топ қызметкері тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі таңға дейін 17 мыңнан аса науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсеткен.

Бұдан бөлек, мамандар 608 831 адамға медициналық қажеттіліктері бойынша қоңырау шалған. Айта кету керек, мобильді топтар халыққа науқасты тексеру мен оның жағдайын бағалау, COVID-19 күдікті науқастарды жедел және ПТР-тестілеу, көрсеткіштер бойынша рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама берумен де шұғылданады. Сондай-ақ, қандағы оттегімен қанықтыру 93% төмендеген жағдайда импульстік оксиметрияны жүргізу, қажетті маманмен аудио немесе видео кеңес беруді ұйымдастырады. «Коронавирустық инфекция COVID-19» диагнозы мен емі үшін клиникалық хаттамаға сәйкес дәрі-дәрмектерді тағайындау және үйде емдеу немесе стационарға жатқызу туралы мәселені шешу бойынша да қызмет көрсетуде.


Соңғы жаңалықтар