Шымкенттегі марафонға үш елдің желаяқтары қатысты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі марафонға Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның желаяқтары қатысты. Жарыс жолына 4 мың адам шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстаннан қатысушылар арасында еліміздің барлық облысынан келгендер болды.

Сөре Д.Қонаев даңғылындағы «Royal» фитнес клубы қасында белгіленді. Барлық қашықтықтың желаяқтары бір уақытта жарыс жолына шықты. Бәйдібек би даңғылындағы Наурыз алаңында марафон аяқталды. Күннің салқын болғанына (+7 градус) қарамастан жарысқа балалар да, қариялар да қатысты.

Марафон 5, 10ғ 21 және 42 шақырым қашықтықтарға бөлінді. Әрбір қашықтық бойынша жеңімпаздар анықталды.

Марафон аяқталған соң, Наурыз алаңында мерекелік концерт қойылды.

Соңғы жаңалықтар